COOKIE ФАЙЛДАРЫНА ҚАТЫСТЫ JACOBS САЯСАТЫ
Қолданылу аясы
«ЯКОБС ДАУ ЭГБЕРТС Б.В.», оның аффилирленген және еншілес компаниялары (“JDE”) біздің интернет-сайттарымызбен сіздің интернет-өзара әрекеттесудегі тәжірибеңізді барынша ақпараттандырылған, өзекті және пайдалы етуге ұмтылады. Осы мақсатқа жету жолдарының бірі – сіздің компьютерде cookie файлдарын пайдалану. Біздің интернет-сайтымыз қандай cookie файлдарын қолданатындығы және не үшін қолданатындығын сіздің білгеніңіз біз үшін өте маңызды деп ойлаймыз. Бұл сіздің құпиялығыңызды қорғауға, біруақытта сайттың өзінің қолданушыларына қатысты жайдарылығын барынша қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Төменде сіз сайт және оның қатысуымен қолданылатын cookie файлдар туралы, және де олардың қолданылу мақсаттары туралы көбірек оқып біле аласыздар. Бұл құпиялық туралы және біздің cookie файлдарын қолдануымыз туралы мәлімдеме, және контракт немесе келісім болып табылмайды.
cookie файлдары дегеніміз не?
Cookie («Куки») – бұл қандай-да бір интернет-парағын ашқан кезде сіздің компьютеріңіздегі веб-браузерде орналасатын, деректері бар шағын файл. cookie файлында өз бетінше ақпарат жоқ және ақпарат жинамайды, бірақ веб-браузердің көмегімен сервердің оқуынан кейін, ол қызметтерді пайдалануды жеңілдетуге ықпал ете алады, мысалы, қателерді анықтай алады. Біз cookie файлдарын қажетті уақыттан артық сақтамаймыз.
Сайтты барынша толық пайдалану үшін сіз cookie файлдарын жасау функциясын белсенді етіп ұстауыңыз қажет. Егер сіз cookie файлдарын жасауға тыйым салуды таңдап алсаңыз, сіз бұрынғыдай сайт бойынша іздеуді пайдалана аласыз, бірақ сайттың кейбір функциялары шектелген болуы мүмкін.
Бұл ақпарат жақында қабылданған заңнамаға сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі біздің шаралардың бірі ретінде және біздің ашықтығымызды, адалдығымызды және cookie файлдарына және құпиялыққа қатысты айқындығымызды көрсету үшін келтірілген. Құпиялық туралы қосымша ақпарат алу үшін JACOBS Құпиялық саясатына жүгінуіңізді сұраймыз.
cookie файлдарын біз қалай қолданамыз?
Сіз интернет-сайтты ашқан кезде жасалатын cookie файлдарының әртүрлі түрлері бар екендігін байқауыңыз мүмкін. Біз cookie файлдардың төрт түрін қолданамыз:
- cookie функционалдық файлдары;
- cookie талдау файлдары;
- cookie жарнамалық файлдары;
- әлеуметтік медиа cookie файлдары.
cookies файлдарын басқару
cookie функционалдық файлдары
Мұндай cookie файлдары JDE сайт(тар)ы бойынша іздеуді мүмкін ету үшін және сайттың қорғалған тарауларына қол жеткізу сияқты сайттың функцияларын пайдалану үшін қажет. Сатып алу себеттері және электрондық төлемдерді қоса алғанда, осындай функциялар cookie файлдарынсыз мүмкін емес.
Осындай cookie файлдарын біз келесілер үшін қолдана аламыз:
- қорғалған логинге байланыстыруда қолданушылардың түпнұсқалығын тексеру;
- сіз онлайн-сатып алу кезінде өзіңіздің сатып алу себетіне қосатын өнімдерді есте сақтау;
- сіз төлем жасаған немесе тапсырыс жасаған кезде, нысандардағы бір ғана өрісті қайта-қайта толтырмас үшін, сіз әртүрлі парақтарда толтырған ақпаратты есте сақтау;
- бір беттегі ақпаратты келесіге беру, мысалы, егер ұзақ сауалнама толтырылатын болса, немесе егер сізге онлайн-тапсырыста деректердің көп мөлшерін толтыру қажет болса;
- тіл, тұрғылықты орны, іздеу қорытындысында нәтижелерлің саны және т.б. сияқты ұнатуларды еске сақтау;
- оңтайлы бейне шығаруға арналған буфер көлемі, сіздің экранның анықтық сипаттамасы сияқты баптауларды еске сақтау;
- біз сіздің экраныңыз үшін сайтымызды оңтайлы көрсете алуымыз үшін, сіздің браузердің баптауларын оқу;
- біздің сайтты және қызметтерімізді жат пиғылмен пайдалануды анықтау, мысалы, бірнеше рет қайталанған сәтсіз талпыныстарды белгілеу арқылы авторланудан өту;
- біздің сайтымыздың қолжетімділігі тұрақты болып тұру үшін оны ретімен жүктеу;
- сізге әрбір жолы қайталап енгізбес үшін, авторланудың егжей-тегжейлерін есте сақтау опциясын ұсыну;
- біздің сайтқа пікірлерді жариялау мүмкіндігін жасау.
cookie талдау файлдары
Мұндай cookie файлдары көбінесе ашылатын беттер және қолданушылардың қателер туралы хабарлама алуы сияқты, біздің сайттың қолданушыларының іздеу әрекеттері туралы ақпаратты жинайды. Осының арқасында, біз сайттың құрылымын, навигациясын және мазмұнын сіздер үшін барынша жайдары етуге мүмкіндік аламыз. Біз статистиканы және басқа есептемелерді нақты тұлғалармен салыстырмаймыз.
Біз осындай cookie файлдарын келесілер үшін қолдана аламыз:
- біздің интернет-парағымыздың келушілеріне есеп жүргізуге;
- әрбір қолданушы біздің интернет-парағымызда жұмсайтын уақыт ұзақтығына тіркеу жүргізуге;
- қолданушы біздің сайттың әртүрлі парақтарын ашу ретін анықтауға;
- біздің сайттың қандай бөлімдері жақсартуды талап ететіндігін бағалауға;
- сайтты оңтайландыруға.
Біз парақты пайдалану, парақпен өзара әрекеттесу туралы, және де біздің сайт бойымен жылжу жолдары туралы деректерді талдау үшін, Google Analytics («Гугл Аналитикс») сияқты бағдарламалық қамтамсыздауды пайдалана аламыз. Олар «сайт көрсеткіштері» немесе «аналитика» ретінде мәлім.
«Гугл Аналитикс» Интернет желісін талдауға арналған, “Google Inc.» («Гугл») компаниясы ұсынған сервис болып табылады. Google Analytics қолданушылардың Сайтты қолдануына талдау жасау үшін cookie файлдарын қолданады. Google қолданушылардың Сайтты қалай қолданғандығы туралы көзқарасын JDE–ге ұсыну үшін жиынтық статистикалық деректерді қолданады. Нидерланды Ведомствосының ақпаратты қорғау жөніндегі ұстанымдарының негізінде, біз келесілер арқылы құпиялықты қорғау тұрғысынан Google Analytics-ті жайдарырақ еттік:
- Google-мен «Өңдеу туралы контракттың» болуын қамтамасыз ету;
- Google Analytics-де IP-мекен-жайдың жасырындалуын белсендіру;
- Google-дың ақпаратқа қол жеткізе алмауын қамтамасыз ету.
- Google осы ақпараттарды үшінші тұлғаларға, егер бұл заңға байланысты міндетті болса немесе осы деректерді Google атынан өңдеуге байланысты қажет етілетін дәрежеде ғана ұсына алады.
cookie жарнамалық файлдары
Біздің міндетіміз – біздің сайтымыздың келушілеріне олар үшін барынша өзекті ақпаратты беру. Сондықтан біз өз сайтымызды әрбір келушінің қажеттілігіне барынша бейімдеуге ұмтыламыз. Біз мұны сайттың мазмұнына дайындау арқылы ғана емес, сондай-ақ көрсетілетін жарнаманың көмегімен де қамтамасыз етеміз.
Осындай бейімдеуге қол жеткізу үшін, біз сегменттелген профиль әзірлеп шығару үшін, JDE сайттары негізінде сіздің мүдделеріңіздің бейнесін алуға талпынамыз. Осы мүдделердің негізінде біз кейін өз сайтымыздың мазмұнын және жарнамаларын тұтынушылардың әртүрлі топтарына арнап бейімдейміз.
Біз cookie файлдарын келесілер үшін қолданамыз:
- Сізге бір ғана жарнаманы қайталап көрсетпеу үшін, сізге көрсетіліп қойған жарнамаға есеп жүргізу;
- Жарнамаға «шерткен» келушілердің санына есеп жүргізу;
- Жарнаманың көмегімен жасалған тапсырыстардың санына есеп жүргізу;
- Сіз қарап шыққан сайттарды ескеру, нәтижесінде – сіздің мүдделеріңізді зерттеу;
- Сіздің жарнамаға «шерткеніңізді» тексеру;
- Басқа сайттарда қайтадан шығару үшін сіздің іздеу мәнеріңіз туралы хабардар ету;
- Сізге жарнама көрсету үшін үшінші тұлғалардың қызметтерін пайдалану;
- Сіздің әлеуметтік медиа-ресурстарды пайдалануыңыз негізінде, қызық жарнаманы көрсету.
Егер тіпті мұндай cookie файлдары қолданылмайтын болса да, біздің сайтта сізге бәрібір жарнама көрсетілетіндігін назарға алыңыз; бірақ бұл жарнама сіздің мүдделеріңізге бейімделмеген болады. Мұндай жарнама, мысалы сайттың мазмұнына қарай жаңартылған болуы мүмкін. Сіз сондай-ақ сайт мазмұнына сай келетін осындай жарнаманы теледидардағы жарнамамен салыстыра аласыз. Егер сіз, мысалы, тамақ дайындау туралы ТВ-бағдарламаны қарайтын болсаңыз, оның үзілісі кезінде көп жағдайларда тамақ дайындауға арналған тауарлар туралы жарнаманы да көретін боласыз.
Біздің сайт арқылы cookie файлдарын орнататын үшінші тұлғалар, сондай-ақ осындай түрде сіздің мүдделеріңізді анықтауға талпынуы мүмкін. Бұл жағдайда ағымда қаралып жатқан сайт туралы ақпарат, басқа, біздің сайт емес басқа сайттарға алдыңғы кіруіңіз туралы ақпаратпен құрамдастырлған болуы мүмкін.
Әлеуметтік медиадағы cookie файлдары
Біздің сайттан қаралған мақалалар, фотсуреттер және бейнелер – сіз сәйкес батырмаларды басып, әлеуметтік медиа-ресурстар арқылы олармен бөлісе аласыз және «лайктай» аласыз. Әлеуметтік желілердегі cookie файлдары сіздің мақаламен немесе бейнемен бөліскіңіз келген кезде батырмаларды белсендіру үшін қолданылады.
Бұл cookie файлдары келесілерге мүмкіндік береді:
- Кейбір әлеуметтік желілерде авторланған қолданушыларға, тікелей біздің сайттан белгілі мазмұндарды бөлісуге және «лайктауға».
Бұл әлеуметтік желілер сондай-ақ өз мақсаттарына сіздің дербес деректеріңізді жинай алады. JDE осы әлеуметтік желілер сіздің дербес деректеріңізді қалай қолданатындығына әсер етпейді. Әлеуметтік желілер орнататын cookie файлдарғаа және олардың ықтимал жинайтын ақпараттарына қатысты қосымша ақпарат алу үшін, осы әлеуметтік желілердің құпиялық ережелері туралы мәлімдемелеріне жүгінуіңзді сұраймыз. Төменде JDE тарапынан көп жағдайда қолданылатын негізгі әлеуметтік желілердің құпиялық туралы мәлімдемелерінің тізімі көрсетілген :
- Google+
- YouTube
Сіздің таңдауыңыз
JDE біздің сайтта сіздің жылжуыңызға қарай cookie функционалдық және талдау файлдарын орналастырады. Сіз өз келісіміңізді бергеннен кейін ғана, JDE сайттың басқа функцияларын қамтамасыз ету үшін қажетті болып табылмайтын (әлеуметтік медиа-ресурстардың жарнамалық cookie файлдары) cookie файлдарын қолданады.
cookie файлдарын қалай бақылау керек
Сіз өз қалауыңыз бойынша cookie файлдарын бақылай және/немесе өшіріп тастай аласыз – нақтырақ ақпаратты aboutcookies.org мекен-жайынан қараңыз. Сіз өз компьютеріңізде орналастырылған барлық cookie файлдарды өшіріп тастай аласыз, және сіз браузерлердің көпшілігінде cookie файлдарының орналасуына кедергі жасайтын баптауларын таңдай аласыз. Егер сіз мұны таңдайтын болсаңыз, сіз сайтқа әрбір келген сайын кейбір ұнатуларыңызды қолмен баптай аласыз, бірақ кейбір сервистер мен функциялар жұмыс істемеуі мүмкін.
Саясаттың өзгеруі
Біз cookie файлдарына қатысты JDE саясатына уақыт өткен сайын өзгерістер енгізе аламыз. Осыған байланысты, біз сізге уақыт өткен сайын осы Саясатты тексеруді ұсынамыз. Соңғы өзгерістер осы Саясатқа 2016 ж. 14 маусымында енгізілді.
Сұрақтар мен пікірлер
Бізге өзіңіздің cookie файлдары туралы немесе құпиялық туралы сұрақтарыңызды: [email protected] мекен-жайына жолдауыңызды сұраймыз.